KazWaste жиналысы

8 желтоқсанда «KazWaste» қалдықтарды басқару бойынша Қазақстандық Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы болып өтті.

Қауымдастық қатты қалдықтар бойынша Халықаралық қауымдастықтың мүшесі болып, төрт министрліктің жұмыс тобына және ҚР Президентінің «жасыл экономика» бойынша кеңесіне тұрақты түрде қатысып, семинарлар мен «Green Energy & Waste Recycling Forum» (GEWR) Еуразиялық бизнес-форумын жүргізіп, саланың стандарттарын әзірлеп, сонымен бірге билік органдарында өзінің мүшелерінің мүдделерін қорғау бойынша үлкен жұмыстар жүргізе отырып,   Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғауға үлкен үлес қосып келеді. Қауымдастық пен оның мүшелері «жасыл экономиканы» дұрыс дамытудың әділ жолын ұстап келеді.

Биылғы жылы жыл сайынғы жиналыста қорытындылар шығарылып және Қазақстан Республикасындағы қалдықтарды басқарудың барлық салаларының проблемалары мен перспективаларын қозғайтын келер жылғы жаңа міндеттер алға қойылды.

Қауымдастықтың мүшелерінен басқа, биылғы жылы ҚР энергетика Министрлігінің, «Атамекен» ҰКП және «Оператор РОП» ЖШС-нің өкілдері қатысты.

Вест Дала келесі жылға сертификат ала отырып, өзінің Қауымдастықтың белсенді мүшесі статусын кезекті рет дәлелдеді.

  

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.