Орталық Азиядағы қалдықтарды басқару және қайта өңдеу бойынша ең ірі форум «Green energy & waste recycling» (GEWR) өндіріс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта өңдеудің идеялары, табысты тәжірибелері және ең үздік технологиялары талқыланды. Форумның басты мақсаты — «жасыл» экономика тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында тәжірибе алмасу және болашақтағы ынтымақтастық үшін алаң құру. Форумның маңызды сәттерінің бірі 2024-2029 жылдарға арналған экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының тұсаукесері болды, оның мақсаты халықты қалдықтарды дұрыс басқару туралы хабардар ету деңгейін арттыру.

«Қазіргі әлемде климаттың өзгеру мәселесін шешу бірінші кезектегі маңызға ие болып отыр. 2023 жылдың басында біз БҰҰ Жаһандық келісімінің қатысушысы болдық, сонымен қатар ESG бойынша өте жоғары рейтингке ие болдық, бұл форумда атап өтілді», — деді форум делегаты, «West Dala» ЖШС қоршаған ортаны қорғау менеджері Светлана Сатанова.

GEWR форумына мемлекеттік органдар, табиғи ресурстарды пайдаланушы компаниялар, салалық және мамандандырылған қауымдастықтар, агенттіктер, сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысты. Форумға қатысушылардың пікірінше, талқылаулар барысында көтерілген өзекті мәселелер ұзақ мерзімді шешімдер қабылдау кезінде ескерілетін болады.

 

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.