GEWR’2021

West Dalа өкілдері 1-2 шілдеде Нұр-Сұлтанда өткен «GREEN ENERGY & WASTE RECYCLING FORUM» (GEWR) Еуразиялық бизнес-форумына қатысты.  

Қалдықтарды және қалпына келетін энергияны басқару бойынша Орталық Азиядағы ең ірі оқиғаға саланың жетекші компаниялары, салалық министрліктер, БҰҰ ДБ және «жасыл» экономика саласындағы GIZ жобасының халықаралық сарапшылары, «Оператор РОП» ЖШС және экологиялық қауымдастықтар қатысты.  

«Форумның ашылуы символдық күнге сәйкес келіп тұр: Экологиялық кодекстің жаңа редакциясы күшіне енді», - деп хабарлады форумның ашылуында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Примкулов. Шынымен де, панельдік пікірсайыстарда компаниялардың жаңа Экокодекс жағдайындағы жұмысына көп көңіл бөлінді. West Dalа өкілдері барлық пікірсайыстарға белсенді қатысып, кодекстің түсіндіруді қажет ететін баптары бойынша сауалдар қойды. Сондай-ақ, форумның бірінші күні «жасыл» экономикаға ауысу және ҚТҚ секторындағы инфрақұрылымды жетілдіру тақырыптары қозғалды.  

GEWR форумының екінші күні қызықты пікірсайыстармен және нарық қатысушыларының баяндамаларымен есте қалды. «Тәуекелсіз өнеркәсіптік қалдықтар» сессиясы барысында West Dalа компаняисының өндіріс жөніндегі департаментінің басшысы Нурлыбек Кенжегалиев сөз сөйледі. Оның баяндамасы Экокодекстің проблемалық баптарына арналды. Атап айтқанда, ол құрылыс қалдықтарын пайдалануға, пайдаланылған батареяларға, әйнекті қайта өңдеуге қатысты 301-бапқа егжей-тегжейлі тоқталды. West Dalа өндірісшісі сондай-ақ ЕОҚТ тізбесі (67-бап) тақырыбын және кейбір қалдықтарды пайдалану бойынша заңдастырылған ұлттық стандарттардың жоқтығы    мәселесін (351-бап) қозғады.  

Форум шараның алдын ала қорытындылары шығарылған, қалдықтарды басқару бойынша «KazWaste» Қазақстандық қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысымен аяқталды.    West Dala компаняисының өкілдері қатысқан жиналыстың күн тәртібі қайта қолданылатын ресурстарды жинау мен қайта өңдеу бойынша қоқыс шығаратын ұйымдар мен кәсіпорындардың мәселелерін талқылауды  қамтыды. Кәсіпорындардың қалдықтарды кешенді басқару және өнеркәсіптік қалдықтарды пайдалану бойынша проблемалық мәселелеріне жіті көңіл бөлінді. Сондай-ақ жиналыста қауымдастықтың одан арғы жұмыс істеу тәртібі қаралды.

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.