Футболдан турнир

Алғаш рет «ISKER» компаниялар тобының басшылығы компаниялар арасында футболдан турнир өткізуге шешім қабылдады. Екі күндік турнирде 7 команда қатысты, оның ішінде 2 команда Вест Дала – West Dala City және West Dala FGP қызметкерлерінен құралды.

Екі күн бойы қызыққа толы нағыз спорт мерекесі болды. Турнирдегі 16 ойынының барлығы да өте қызықты өтті. Турнирдің үшінші орын үшін, сонымен бірге финалдық ойыны эмоция мен спорттық драмаға толы өте тартысты өтті.

Турнирдің нәтижесі бойынша орындар былайша бөлінді:

  • Бірінші орын –«ISKER-Orken» командасы
  • Екінші орын – «AFC ISKER» командасы
  • Үшінші орын – «West Dala FGP» командасы

«ISKER» компаниялар тобының басшылығы ең басты мақсат – қатысушы ойыншылармен қоса, жанкүйерлердің де спорттық мереке мен көңіл-көтеруге қол жеткізгеніне сенімді. Бұл турнирдің өте қызықты да, тартысты өткенін ескере отырып, ұйымдастырушылар командалардың санын көбейте отырып, алдағы уақытта басталған дәстүрді жалғастыруға бел байлап отыр.

Өз кезегінде Вест Дала компаниясының басшылығы екі команданың да ойыншыларына табысты қатысқандары және белсенді қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлерге, сондай-ақ West Dala FGP командасының жеңімпаздарына үздіктер қатарында болғаны үшін үлкен алғыс білдіреді!

  

  

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.