ФОРУМЫ

«Эко-Әріптестік» форумы

20 ақпанда KPO B.V. компаниясының ұйымдастыруымен «Эко-Әріптестік» форумы өтті. Іс-шара барысында негізгі экологиялық мәселелер, 2024 жылдың қорытындылары және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Ануар Мұкиев, West Dala компаниясының БҚО бойынша аймақтық менеджері - "Форум спикерлері бизнес-серіктестердің назарын нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде маңызды аспектілерге, сондай-ақ жұмыстардың көлемі мен түрлері өзгерген жағдайда уақтылы анықтау және хабарлау қажеттілігіне аударды. Кездесу, сондай-ақ, кен орнында экологиялық бақылау жүргізетін Тапсырыс берушінің барлық өкілдерімен байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Жалпы, форум көптеген оң әсер қалдырып, West Dala үшін KPO B.V.-дің серіктесі ретінде пайдалы болды".

                        

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.