ЕсoQoldaý

West Dala компаниясы «ЕсoQoldaý» («Экоқолдау») жүйесіне қатысу туралы шартқа қол қойды. Аталаған жоба ӨКЖ операторынан Қазақстандағы кәдеге жарату саласын сүйемелдеудің  жаңа цифрлық моделі.  

«ЕсoQoldaý» жүйесі макулатура, пластик, әйнек және металл сияқты қаптама қалдықтарды инау, қайта өңдеу, тасымалдау және кәдеге жарату бойынша платформа болып табылады. ЕсoQoldaý-дың Орталық азия аймағында аналогы жоқ және ол Қазақстандағы қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ахуалды жақсартуға жәрдемдеседі. Бүгінде қайта өңдеудің орташа көрсеткіші 18,6% жетіп отыр, ал 2030 жылға қарай, «жасыл» экономикаға ауысу тұжырымдамасына сәйкес, қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 40% дейін, 2050 жылға қарай – 50% дейін жетуі тиіс.

«ЕсoQoldaý» жобасы аясында барлық қатысушылар бизнес үдерісті цифрландыру бойынша қызметтерге, ұзақ мерзімді келісімшарттарға, қайта өңдеу шикізатын өткізудің дайын нарығына, қайта өңдеу шикізатын сатудың аукциондық жүйесіне, көлік шығындарын ішінара өтеуге, қаптама қалдықтарының әрбір килограмын қаржыландыруға ие болады.  

«ЕсoQoldaý» жүйесіне қатысу, West Dala компаниясының «жасыл» экономика қағидаларына бейілділігін көрсетеді.

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.