West Dala компаниясы өзінің 20 жылдығын атап өтіп, компанияның негізін қалаған және батыс өңірдегі қалдықтарды басқару саласындағы көптеген жобалардың өндірістік процестеріне үлкен үлес қосқан құрметті қызметкерлерін марапаттады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңындағы салтанатты іс-шара барысында West Dala компаниясының Бас директоры Салахаденов Қайрат Шәменұлы “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды. Атырау облысы тұрғындарының тобына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, қоғам мен мемлекет алдында сіңірген еңбегі үшін марапатты ҚР мемлекеттік хатшысы Көшербаев Қырымбек Елеулұлы табыс етті.
Қайрат Шәменұлының еңбек жолы 14 жылдан бері West Dala-мен тығыз байланысты. Оның басшылығымен компания қалдықтарды кәсіби басқару саласында қарқынды дамып келеді. West Dala өңірдің дамуына қайта өңдеу саласындағы жобалармен ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік қолдаумен де үлес қосатынын атап өту маңызды. Мұның барлығы Қайрат Шәменұлының бастамасы мен жеке қатысуының арқасында. "Бұл медаль - менің еңбегім ғана емес, бүкіл компанияның еңбегі мен жетістігі", - деді ол марапаттау кезінде.
Компания ұжымы еңбек сіңірген марапатымен құттықтайды және одан да үлкен жетістіктер тілейді!
(3).jpeg)