ҚЕМ үшін жоғары баға

ТШО-ның сервис бойынша БС-мен шілдедегі жалпы жиналысында ағымдағы жылдың I және II тоқсанының қорытындысы бойынша әрбір бизнес-серіктестің жетістіктері  хабарланды.   

West Dala компаниясы  ҚЕМ (Қауіпсіз еңбек мәдениетін) көтермелеу бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмыс үшін; жоба басшылығын ҚЕМ мәселелеріне тартқаны үшін; West Dala басшылығын учаскелерді аралауға тартқаны үшін; сәйкес оқыту жүргізгені үшін;  «Open Door» - Ашық есіктер бағдарламасын енгізгені және балалар суреттерінің онлайн байқауын өткізген үшін өте жоғары баға алды. Айтпақшы, «Қоршаған орта туралы қамқорлық – тұтас адамзат туралы қамқорлық» тақырыбындағы осы байқау, балалар суреттерінің фотосы және байқау жеңімпаздары мен қатысушыларының ата-аналарын марапаттау салтанаты жарияланған ТШО «БКЖ жобасының ҚЕМ жетісітктері» газетінде де атап өтілді.   

БКЖ жобасындағы қауіпсіз еңбекті дамыту бойынша ұдайы белсенді жұмыс, біздің компанияға ұжымда ізгі ниетті жұмыс атмосферасын қалыптастыруға және сервистік қызметтерді жоғары деңгейде көрсетуге көмектеседі.    

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.