ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАН

Дүниежүзілік қоршаған орта күніне және “Таза Қазақстан” ұлттық экологиялық қозғалысын қолдауға орай, біздің компания сенбілік ұйымдастырып, қалалық ортаны жақсартуға және Атырау жағалауын тұрғындар үшін таза әрі жайлы етуге өз үлесін қосты.

«Бұл экологиялық акция компанияның жеке бастамасымен өткізілді. Әріптестеріміздің бірлескен еңбегінің нәтижесінде бір тоннадан астам қоқыс жиналды», — деп атап өтті West Dala компаниясының бас экологы Айнагүл Наурызбаева.

Біз табиғатқа арналған бір күннің өзі үлкен өзгерістерге бастайтынына сенеміз.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері, бейжай қарамаулары және нағыз командалық жұмыстары үшін алғыс айтамыз!

       

       

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.