Екінші Еуразиялық «GREEN ENERGY & WASTE RECYCLING FORUM» бизнес-форумы

Екінші Еуразиялық «GREEN ENERGY & WASTE RECYCLING FORUM» бизнес-форумы «Астана ЭКСПО-2017» «Болашақтың энергиясы» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 3-6 шілде аралығында Астана қаласында болып өтті. Көрменің ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігі, қалдықтарды басқару бойынша «KazWaste» Қазақстандық қауымдастығы, «ERBA» Еуропа-Ресей бизнес қауымдастығы болды. 

Форумының жұмысына әлемнің 11 елінен 268 адам қатысты. Форумның қатысушыларының құрамында: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан министрлігінің өкілдері, сонымен бірге UNDP, UNEP, UNIDO, ISWA сияқты халықаралық ұйымдар, ТМД Орындаушы комитеті, қалдықтарды басқару бойынша мекемелер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, үкіметтік емес ұйымдар және басқалары болды. Форумға қатысушыларды құттықтаушылар мен оны ашып берушілердің қатарында: ҚР энергетика вице-министрі Г.К. Садибеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша Комитетінің мүшесі К.А. Каракен және БҰҰ қоршаған орта бойынша Бағдарламасының  Орталық Азия Субаймақтық кеңсесінің басшысы Н.П. Алексеева болды.

«West Dala» ЖШС қалдықтарды басқару бойынша ҚР батыс аймағында 12 жылдың үстінде табысты жұмыс істеуде және осы уақыттың бәрінде қалдықтарды кешенді басқару бойынша нарықта жетекші компания статусын иеленіп келеді. Сондықтан да, шарадағы ресми серіктесіне қолдау көрсету арқылы, компания өзінің бейіндік жаңалықтарын белсенді қолдауға шешім қабылдады. Өзінің тұрақты және ықтимал клиенттеріне, қоғамдық ұйымдарға және мемлекеттік органдарға компания алғаш рет өзінің шетелдік серіктесі PWS компаниясын таныстырып өтті. Сонымен бірге осы серіктесімен бірлесе отырып форумның барлық аудиториясына ҚР нарығына жағадан қатысушы, тек қана экологиялық қауіпсіз жобаларды жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы озық өндірістік кешендерге ие бола және алдыңғы қатарлы технологияларды ұсына отырып инжинирингтік және операциялық компания болып табылатын – «West Dala Tech» ЖШС таныстырды.

Форумның шеңберінде пленарлық мәжіліс пен қалдықтарды басқару саласының өзекті тақырыптарына бес сессия болып өтті. Форумның алғашқы күні қалдықтарды басқару саласындағы өзекті тенденциялар, инвестиция тарту бойынша халықаралық банкілермен ынтымақтасу мәселелері, ЕАЭС елдерінде ӨКМ принциптерін енгізу кезінде үздік халықаралық практиканы пайдалану мәселелері талқыланды.

«West Dala Tech» ЖШС пленарлық мәжілісте «Қалдықтардан энергия алу және айналмалы экономика» тақырыбында WDT Президенті Альфредо Сасси сөз сөйледі.   

Форумның екінші күнінде ТМД және ЕАЭС елдерінде ҚТҚ-мен жұмыс істеу саласында ынтымақтастықты нығайту, қалдықтардың жекелеген түрлерін жинау мен өңдеу, қазіргі заманғы IT технологияларды пайдалану және қалдықтарды басқару жүйесін модельдеу, өнеркәсіптік қалдық түрлерінің арнайы және өзекті түрлері және оларды өңдеудің үздік технологиялары, сонымен бірге құрамында ҚОЛ-ы бар қалдықтар мен жабдықтарды өңдеу және кәдеге жарату мәселелері көтерілді.

Үшінші сессияда «West Dala Tech» ЖШС «Қалдықтан энергияға» инновациялық тәсіл үшін технологияларды кіріктірілген басқару тақырыбында, PWS Инженері Пеллегри Массимо сөз сөйледі.

Төртінші сессияда «West Dala Tech» ЖШС «Өнеркәсіптік қалдықтардың өзіндік және өзекті түрлері. Қазақстанда өңдеу мен кәдеге жаратудың тәжірибесі және перспективалары» тақырыбында – WD Бас технологы Татьяна Сергеева сөз сөйледі.

Форумның шеңберінде қатысушылар Арнасай – алғашқы экологиялық ауылында, «KazRecycleService» қоқыс өңдеу зауытында, медициналық қалдықтарды жоятын қондырғыда болып аралап көрді. Сонымен бірге, форумға қатысушылар үшін «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін аралап көру ұйымдастырылды.

GEWR’17 форумын ұйымдастырушылары Қалдықтарды басқару бойынша «KazWaste» Қазақстандық қауымдастығы, «ERBA» Еуропа-Ресей бизнес қауымдастығы атынан форумды қолдағаны үшін «West Dala» ЖШС-не өз ризашылықтарын білдірді.

Толығырақ:

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қалдықтарды басқару бойынша оқу бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.

West Dala компаниясы 2009–2010 және 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен облыстық ашық бокс турниріне демеушілік көрсетті.

West Dala компаниясының еріктілері «Атамекен Эко» қоғамдық қоры ұйымдастырған экологиялық акцияға қатысып, «Отбасы» саябағында ағаш отырғызу шарасына атсалысты. «Біздің әріптестеріміз өзге де белсенді азаматтармен бірге көшеттер отырғызып, ағаштарды әктеп, саябақты жасылдандыруға көмектесті», – дейді West Dala компаниясының тұрақты сенбілік қатысушысы Куангали Елубаев.

2025 жылғы 31 қаңтарда West Dala компаниясы Теңізде ККЖ жобасы аясындағы жұмысын аяқтады. Біздің серіктесіміз – Теңізшевройл – жобаның аяқталуына орай салтанатты жиын ұйымдастырып, үздік мердігерлерді марапаттады. Олардың қатарында Теңіздегі West Dala командасы да болды, ол күміс медальға ие болды. FGP/WPMP Talent Manager Ричард Морганның қолы қойылған Алғыс хатта бұл марапаттың айтарлықтай ықпал мен мінсіз қызмет көрсеткені үшін берілгені атап өтілді.

Биыл West Dala компаниясының нысандары халықаралық «Жер сағаты» экологиялық акциясына қайта қатысты. Акцияны қолдау мақсатында 20:30-дан 21:30-ға дейін ҚБК, ҚӨжОКП, «Теңіз», «Өзен», «Қошанай» нысандарында сыртқы және ішкі жарық көздерін өшіріп, табиғатқа ұқыпты қараудың және ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығын еске салды.