ЕҢБЕК ҚОРҒАУ КҮНІ!

Бүгін – Дүниежүзілік Еңбек қорғау күні! Осы оқиғаның қарсаңында West Dala 20 жылдығына арналған Еңбекті қорғау-2025 «Оқыту өмірлік маңызды» бағдарламасын іске қосты.

24 сәуір күні жалпы жиналыста West Dala ЖШС Бас директоры Қайрат Шәменұлы Салахаденов жұмыс уақытын жоғалтуға әкелген жарақаттарсыз 800 күнді артқа тастаған жетістікпен ұжымды құттықтады. Ол қауіпсіздік мәдениетіне деген адалдығы үшін ұжымға алғысын білдіріп, “Оқыту өмірлік маңызды” атты айлық корпоративтік бағдарламаның басталғанын жариялады.

Өз кезегінде, компанияның Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаментінің басшысы Багдат Дүйсебаев 2024 жылы ҚжЕҚ басқару жүйесінің нәтижелерімен және ағымдағы жылға арналған жоспарлармен әріптестерін таныстырды. Сондай-ақ, корпоративтік бағдарлама аясында ол сәуірде басталып, мамыр айы бойы жалғасатын 11 іс-шараны таныстырды: қызметкерлер арасында әртүрлі конкурстар, бейнеүндеулер, оқыту және тимбилдинг ұйымдастырылады. Барлық іс-шаралар қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және еңбек қорғауға компанияның ең басты құндылығы ретінде тұрақты көзқарас қалыптастыруға бағытталған.

Баршаңызды Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күнімен құттықтаймыз! Әрбір жұмыс күніңіз қауіпсіз болсын!

         

        

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.