ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ

20 қыркүйекте бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да «Дүниежүзілік тазалық күні / World Clean Up Day» халықаралық экологиялық акциясы өтті.

Экология және тұрақты даму саласында жұмыс істейтін компания ретінде біз де бұл шарадан тыс қалмай, белсенді қолдау көрсеттік. Осы күні біздің ҚБК, ҚӨжОКП, «Теңіз» ҚЖК және «Прорва» ҚЖК кешендерінің қызметкерлері ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын өз үлгісімен көрсетті.

Сонымен қатар, біздің командамыз Құлсары қаласында «Теңізшевройл» компаниясы ұйымдастырған «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Серіктестерімізбен және әріптестерімізбен бірге біз қаланың қоғамдық орындарының тазалығына және абаттандырылуына үлес қостық.

Біз мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жауапкершілікті тәрбиелеуге және таза әрі қауіпсіз болашаққа жағдай жасауға ықпал ететініне сенімдіміз.

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.