2025 жылғы сәуір айында West Dala компаниясы Теңізшевройл (ТШО) мердігер ұйымдары арасында өткізілетін жыл сайынғы CHESM аудитінен өтті.

Аудит еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үдерістерді қамтыды. Тексеру қорытындысы бойынша West Dala компаниясы 100 мүмкін баллдың 98-ін иеленді.

Компания жыл сайын CHESM аудитінен өтіп, бірнеше жыл қатарынан тұрақты жоғары баға алып келеді. Жұмыс ТШО-ның HSE талаптарына сәйкес жүргізіледі.

 

                         

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.