БІЛІМ КҮНІ!

Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Білім күні – бүкіл отбасы үшін толқытатын және асыға күтетін мереке. Өткен жылдан бастап West Dala компаниясы осы күн қарсаңында қызметкерлерге материалдық көмек көрсету әлеуметтік бағдарламасын кеңейтті. Мектеп тауарларын сатып алу мақсатында Атыраудағы 21 қызметкер және Маңғыстаудағы 2 қызметкерге 25 мың теңге көлемінде ірі сауда желісінің сертификаттары берілді. Осылайша биыл компания 68 оқушыны жаңа оқу маусымына дайындауға қолдау көрсетті.

Сондай-ақ, Атырау облысы Алмалы ауылдық округі әкімдігінің тізімі бойынша аудан әкімі Аухадиева Гүлшат Төлегенқызына аудандағы аз қамтылған және толық емес отбасынан шыққан 11 балаға сертификаттар табыс етілді.

West Dala компаниясы барлық оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтайды! Қызықты оқу, жақсы баға және сенімді достар тілейміз!

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.