БАЙҚАУ

West Dala қызметкерлерінің назарына!

Біздің компанияда креативті және талантты қызметкерлер жұмыс істейді, сол себепті West Dala-да "Еңбекті жақсарту" конкурсы жарияланады!

Келесі тақырыптарға өз идея-ұсыныстарын жіберген кез келген қызметкер конкурсқа қатыса алады:

• Өндірістік объектілерде немесе кеңседе жұмыс тиімділігін қалай арттыруға болады.
• Қалдықтарды қалай қайта пайдалануға болады.
• Энергия мен суды қалай үнемдеуге болады.
• Жұмыс шығындарын қалай азайтуға болады.

Қызметкерлердің ынтасы мен байқағыштығы компания өміріне енгізуге болатын ең жақсы шешімдерді табуға көмектесетініне сенімдіміз!

Байқау 31 мамырға дейін жалғасады. Үздік идеялар үшін байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі

Өз идеяларыңыз бен ұсыныстарыңызды осы адреске жіберіңіз indira.medetova@westdala.kz

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.