БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

1 маусым - Балаларды қорғау күні, барлығына қажет мереке! Ересектер үшін бұл көмекке мұқтаж адамдарға тағы да назар аударудың себебі, ал балалар үшін бұл махаббат пен қамқорлықтағы бақытты күн.

Атырау қаласына қарасты Алмалы ауылдық округінде мереке осылай өтті. West Dala кішкентай тұрғындарды қолдап, әкімдік тізіміндегі он екі мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасы балаларына 20 мың теңге бөлді.

Барлық балаларға және олардың ата-аналарына зор денсаулық және амандық тілейміз!

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.