БАЛАЛАР КҮНІ!

Бүгін, 1 маусым, баршаңызды тамаша мереке - Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Әр балаға зор денсаулық, амандық, ашық аспан және көптеген бақытты сәттер тілейміз!

West Dala компаниясы мерекеге орай Атырау облысы Махамбет ауданы Алмалы ауылдық округінен шыққан 12 мүгедек балаға ақшалай сертификаттар табыстады. Балалардың осы сертификаттарға айырбастайтын сыйлықтары көп қуаныш пен күлкі сыйлайды деген үміттеміз.

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.