Балалар алаңының ашылуы

Маусым айында West Dala тағы екі әлеуметтік жобаны қолдады, бұл жолы Форт-Шевченко қаласында.

1 маусым күні Жалау Мыңбаев көшесінде жаңа балалар алаңы ашылды. West Dala көмегімен қала балалары бос уақыттарын көңілді түрде әрі спортпен шұғылданып өткізе алады. Балалар нысанының ашылу салтанатына қала әкімі Шалқыбай Әзірбаев, ардагерлер кеңесінің мүшесі Қуаныш Жеткізгенов, ардагер және еңбек сіңірген сәулетші Жамаладин Есбергенов қатысты.

Сондай-ақ, West Dala Форт-Шевченко әкімдігіне қала көгалдарын суаруға қатысты өткір мәселені шешуге көмектесті: компаниядан 15 біркубты контейнер "Түпқараған су жүйесі" қалалық кәсіпорнына берілді, енді ол сыйымдылыққа су жинау есебінен уақытылы суара алады.

Қала әкімдігі Форт-Шевченко қаласының тұрғындары атынан West Dala басшысы Қайрат Салахаденовке экологиялық мәдениетті және қаладағы әлеуметтік жауапкершілікті дамытқаны үшін алғыс білдірді.

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.