БҰҰ ЖАҺАНДЫҚ ШАРТЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

3 тамыз 2023 жыл                                                                                           Атырау қ.

 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «WEST DALA» КОМПАНИЯСЫ

БҰҰ ЖАҺАНДЫҚ ШАРТЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫ БОЛДЫ

 

2023 жылдың 31 шілдесі күні «West Dala» ЖШС әлемнің түкпір-түкпірінен 22,6 мыңнан астам компаниялар мен ұйымдарды біріктіретін тұрақты даму саласындағы жетекші ерікті бастама - БҰҰ Жаһандық шартына қосылды. https://unglobalcompact.org/what-is-gc/participants/159355-West-Dala-LLP

 «West Dala» ЖШС осы беделді халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болған, қалдықтарды кешенді басқару бойынша қазақстандық бірінші компания болып табылады. Осылайша, «West Dala» ЖШС еңбек құқықтары, адам құқықтары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарына негізделген ашық, этикалық және адал іскерлік жүргізудің озық тәжірибесін сақтауға ұмтылысын көрсетеді.

«West Dala» ЖШС бас директоры, Қайрат Салахаденов: «Қазақстан Республикасындағы қалдықтарды кешенді басқару саласындағы көшбасшылардың бірі және жауапты жұмыс беруші бола отырып, біздің компания барлық стейкхолдерлер үшін өзінің ұзақ мерзімді маңыздылығын арттыру, өздері бар аймақтардың өркендеуіне нақты үлесін кеңейту және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін кезең-кезеңімен корпоративтік ESG-өзгерісін бастады. «West Dala» ЖШС-нің БҰҰ Жаһандық шартына қосылуы ұзақ мерзімді стратегиялық қадам болып табылады.    

Оның он қағидасы біздің корпоративтік мәдениетіміз бен іскерлік тәжірибеміздің ажырамас бөлігіне айналуда. БҰҰ Жаһандық шартына қосылу компанияға жаңа құзыреттер мен білімдерге қол жеткізуге, тәжірибемен жемісті алмасуға және әртүрлі әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу үшін халықаралық бизнес қауымдастығымен тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретініне сенімдімін».

 

Қосымша ақпарат: «West Dala» ЖШС озық халықаралық және отандық тәжірибені енгізе отырып, 2005 жылдан бастап қалдықтарды кешенді басқаруды жүзеге асыруда. Кәсіпорынның Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында полигондар мен мамандандырылған жабдықтарды қоса алғанда, қоқыс өңдеумен айналысатын 7 ірі кешені бар. 2022 жылы «West Dala» «Өндірістік қалдықтарды басқарудағы көшбасшы» қазақстандық қоғамдық сыйлығымен марапатталды.

 

«West Dala» ЖШС баспасөз қызметі

wdprmanager@westdala.isker.kz

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.