БҰҰ - ЖАҺАНДЫҚ ШАРТЫ

West Dala компаниясы 2023 жылы тұрақты даму және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы ең ірі халықаралық бастама — БҰҰ-ның Жаһандық шартына (Global Compact) қосылды. Бүгінгі таңда БҰҰ-ның Жаһандық шартына Қазақстанның 52 компаниясы қатысушы болып табылады. Олар адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы БҰҰ қағидаттарын сақтауға, сондай-ақ БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) өз қызметіне ерікті түрде енгізуге міндеттеме алған.

БҰҰ қайырымдылыққа негізделген серіктестіктен бизнеспен неғұрлым стратегиялық және жүйелі ынтымақтастыққа кезең-кезеңімен көшуде. Компаниялар экономикалық өсімді қамтамасыз етуде, жұмыс орындарын құруда, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге арналған инновацияларды дамытуда, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылда шешуші рөл атқарады.

БҰҰ-ның Жаһандық шартының 10 қағидатын сақтау және 17 ТДМ-ды интеграциялаумен қатар, West Dala компаниясы жыл сайын мамандандырылған оқыту курстары мен тренингтерден өтеді, сондай-ақ БҰҰ-ның Жаһандық шарты аясындағы онлайн-семинарларға белсенді түрде қатысады. 2025 жылдың соңында компания қызметкерлері келесі оқу бағдарламалары бойынша сертификаттар алды:

  • «Бизнес және адам құқықтары» акселераторы — адам құқықтарын сақтау және тиісті тексеру (Due Diligence) рәсімдері саласында бизнестің қызметін жетілдіруге бағытталған алты айлық білім беру бағдарламасы;
  • «SDG Innovation for Young Professionals» акселераторы — болашақ бизнес-көшбасшылар мен өзгерістер агенттерінің әлеуетін дамытуға арналған тоғыз айлық қарқынды бағдарлама;
  • «Бизнестегі гендерлік теңдік және инклюзия» біркүндік тренингі — инклюзивті корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, сондай-ақ кемсітпеу және әртүрлілік қағидаттарын бизнес-процестер мен персоналды басқару жүйесіне енгізуге арналған практикалық оқыту.

Акселераторлар аясында қатысушы компанияларға кейіннен өндірістік және бизнес-процестерге енгізілуі мүмкін жеке жобаларын әзірлеу мүмкіндігі беріледі.

   

                                                       

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.