ҚАЗНЕФТЕГАЗСЕРВИС-2025

West Dala компаниясы Атырауда өткен «Қазнефтегазсервис-2025» XII жыл сайынғы конференциясына қатысты. Бұл – Қазақстандағы мұнай сервисі саласындағы негізгі оқиға, оны KazService мұнай сервисі компаниялары одағы ұйымдастырды. Конференцияда жергіліктендіру, қазақстандық компаниялардың ірі жобаларға қатысуын кеңейту, мұнай-химия саласын дамыту, сатып алу рәсімдерін оңтайландыру және жергілікті бизнесті қолдау мәселелері талқыланды. Негізгі спикерлер қатарында ТШО, NCOC, КПО, KXO, KMG PetroChem, Silleno компанияларының өкілдері және Катардан келген халықаралық серіктестер болды.

Виктор Қысықов, West Dala компаниясының Теңіздегі жобалар жетекшісі: Біз үшін басты тақырыптардың бірі – Атырау облысында мұнай-газ компанияларынан серіктестеріміздің өндірістерін жергіліктендіру және полиэтилен өндірісі жобасының басталуы болды. Сондай-ақ, конференцияның барлық алаңдарында мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық қамту үлесін арттыру мәселесі көтерілді, бұл, сөзсіз, KazService қауымдастығының барлық қатысушылары үшін маңызды. Жалпы, «Қазнефтегазсервис-2025» конференциясы сала көшбасшыларымен іскерлік байланыстарды нығайту және серіктестік перспективаларын талқылау алаңына айналды.

                        

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.