Қазмұнайгазсервис-2021

West Dala мен ISKER Kонсорциумы 19 қарашада Атырауда өткен «Қазмұнайгазсервис-2021» IX конференциясының серіктесі болды. KazService ұйымдастырушы-одағының арқасында бұл жыл сайынғы конференция мұнай сервисі саласының маңызды әрі тиімді ақпараттық-диалогтық алаңына айналды. Биылғы жылы «Қазмұнайгазсервистің» негізгі тақырыбы Қазақстандағы ірі кен орындарын кеңейту бойынша жобаларды талқылау болды. Сондай-ақ, мұнай-газ саласын қаржыландыру және цифрландыру мәселелеріне көп көңіл бөлінді.

  

  

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.