ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АССОЦИАЦИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ БІРІНШІ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

“Вест Дала” ЖШС «KazWaste» қалдықтарды басқару бойынша Қазақстандық Ассоциация мүшелерінің бірінші Жалпы жиналысына қатысты. 

KazWaste» Ассоциациясы қалдықтарды басқару саласындағы іс-әрекеттерді жүзеге асыру барысында пайда болатын сұрақтар мен мәселелерді шешу үшін кәсіпорындарға, мемлекеттік органдарға, қоғамға жәрдемдесу мақсатында  2013 жылы құрылған. Ассоциацияның қызметі экология мен экономика арасындағы теңгерімді бекіту үшін инновациялық технологияларды тарту арқылы, халықаралық стандарттарды сақтай отыра, Қазақстанның қалдықтар саласындағы мәселелерін кәсіби шешуге бағытталған. Ассоциацияның жұмысы өнеркәсіптік кәсіпорындардың, мемлекеттің және тұрғылықты халықтың мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні Ассоциация коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды, оның ішінде қағаз қалдықтарын, пластиктерді, шиналарды, ескі электрониканы, құрамында мұнайы бар қалдықтарды және т.б. қалдық түрлерін өңдеу мен кәдеге жарату бойынша маманданған кәсіпорындардан, сонымен бірге қайталама шикізаттан өнім өндіретін кәсіпорындардан тұратын 20-дан астам заңды тұлғаларды біріктіреді.

Жиналыста Ассоциация мүшелері қалдықтарды басқару саласындағы негізгі проблемаларды анықтады және Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы контекстінде Ассоциация жұмысының стратегиялық бағыттарын әзірледі, сонымен бірге қалдықтарды басқару саласындағы ұлттық заңнамаларға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды талқылады.

Ассоциация мүшелері 2013 жылғы жасалған жұмыстар бойынша есепті тыңдады, 2014 жылға жұмыс жоспары талқыланды, мүшелік жарна бекітілді және Басқарма мұшелері таңдалды.

Басқарма мүшелері болып мыналар сайланды:

  1. Андреев Константин Валерьевич – «Хэлп – Экойл» ЖШС атқарушы директоры
  2. Мулдашев Дамир Кайргалиевич – «УралЭнергострой» ЖШС директоры
  3. Малыхин Александр Евгеньевич – «Союз Plast» ЖШС директоры
  4. Махамбет Айдар Кенесбекович – «Kazakhstan Rubber Recycling» ЖШС директоры
  5. Михайличенко Александр Дмитриевич –  «Эколайнспорт» ЖШС коммерциялық директоры
  6. Салахаденов Кайрат Шаменович – «Вест Дала», «West Dala» ЖШС директоры
  7. Томас Матеос Вернер – «Қазақстан Қағазы» АҚ бас директоры

Басқарма мүшелері арасынан басқарма Төрағасы болып – Махамбет Айдар Кеңесбекұлы және Басқарма тең төрағасы болып – Томас Матеос Вернер сайланды. Ассоциацияның атқарушы директоры болып Мустафина Вера Владиленовна («ҚР тұрақты дамуына жәрдемдему» Орталығы) бекітілді.

Бірінші Жалпы жиналыс «KazWaste» Ассоциация мүшелерінің шешімді және қалдықтарды басқару бойынша саласын дамыту үшін белсенді жұмыс жасауға дайын екендігін көрсетіп отыр.

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.