ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Балаларды Қолдайық!

Балалар-бақыт пен қатты күлкі, сынған тізелер және ашылу теңізі. Әр балаға сүйіспеншілік, қамқорлық пен қорғаныс қажет, сондықтан 1950 жылы әлемде алғаш рет Балаларды қорғау күні құрылды. Мереке БҰҰ-ы қолдайды, оның басты мақсаты - балалардың құқықтарын, өмірі мен денсаулығын қорғау.

West Dala компаниясы бұл күнді екі әлеуметтік жобамен атап өтті. 1 маусым қарсаңында компания ерекше күтімді қажет ететін 18 жасқа дейінгі балалары бар қызметкерлерге материалдық көмек көрсетті. I топтағы мүгедек балалар 80 мың теңгеден, II топта 65 мың теңгеден, III топта 50 мың теңгеден алды.

Атырау қаласы Алмалы ауылдық округінің балаларына да қолдау көрсетілді. Әкімнің тізімі бойынша "Балалар әлемі" дүкеніне сертификаттарды екі балаға ауылдық клубтың концерт залында West Dala компаниясының өкілі жеке табыс етті. Қалған 7 сертификаттар аудан әкіміне Аухадиева Гүлшат Төлегенқызына балаларды үйде құттықтау үшін берілді.

Біз барлық балаларға зор денсаулық пен амандық тілейміз!

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.