ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Футбол-бұл спорттық шеберліктің, командалық рух пен драйвтың мерекесі! Дәл осы қасиеттер Форт-Шевченко қаласының жасөспірімдер футбол командасының ойыншыларына тән. West Dala компаниясы команданы назардан тыс қалдырмауда және бұл жолы да оны шілде айында Herbalife ұйымдастырған шағын футбол турнирінде қолдады. Қиын, бірақ әділ ойында футболшылар алға шығып, құрметті 3-орынға ие болды! Форт-Шевченко қаласының командасын жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі спорттағы жетістіктерді тілейміз!

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.