ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Компания қайырымдылық қызметін жүргізіп, балалар үйіндегі мүгедек, жетім балалардың, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ауданның тұрмыстық деңгейі төмен халқының қандай да бір қажеттіліктеріне қарай ақшалай көмек көрсету және әр түрлі мерекелерге сыйлықтар ұсыну жолымен оларға жыл сайын өз бетімен қолдау көрсетеді.

Сондай-ақ, компания Атырау және Маңғыстау облыстарының Аудандық Әкімдіктерімен өткізілетін әлеуметтік-мәдени іс-шараларға белсенді түрде қатысады. Компания “жасыл экономика” бағытын ұстанатындықтан, өндірістік база маңында орналасқан мектептер мен балабақшаларды көгалдандыруға ақшалай қаражат бөлуге тырысады.

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.