ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

West Dala компаниясы көптеген ұйымдармен бірлесіп қайырымдылық көмек көрсетеді. Солардың бірі – «Атырау облыстық мүгедектер қоғамы» Қоғамдық Бірлестіктің Атырау қалалық филиалы. Олардың тізімі бойынша бүгін әріптестеріміз алты отбасыға барып, атаулы көмек көрсетті. Компания атынан “Игілік себеті” атты акция ұйымдастырылды.

“Біз бір үлкен азық-түлік себетін жинадық. Оның ішінде нан және сүт өнімдері, тәттілер, ұн, жеміс-жидек, көкөністер мен тауық еті бар. Мұндай себет – атыраулықтардың игілігіне қосқан үлесіміз”, – дейді акцияның үйлестірушісі Айгүл Даниялова.

Біз игі істер адамдарды біріктіріп, әлемді сәл де болса жақсырақ етеді деп сенеміз!

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.