"ҚАУІПСІЗДІК ПОЭЗИЯСЫ"

БКЖ-ҰҚБЖ жобасындағы West Dala жұмыскерлері еңбек қауіпсіздігі мен қорғауын ұйымдастыру мақсатында ТШО енгізген «Қауіпсіз еңбек мәдениеті» (ҚЕМ) бағдарламасының аясындағы барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысып отырады. Вестдалалықтардың жетістіктерді ТШО үнемі ерекше атап отырады. Осылайша, ағымдағы жылдың шілде айында ҚЕМ газетінде вестадалалық Нұртазин Асылбектің жазған өлеңі ҚЕМ шығармашылық байқауында ұсынылған ең үздік өлеңдердің біреуі деп жарияланды. Авторды және өз дарындарын ашып, Теңіздегі күнделікті жұмыстары туралы білуге мүмкіндік сыйлаған вестдалалықтарды құттықтаймыз!

 

Сондай-ақ, біз бизнес-серіктестер арасында ҚЕМ бірыңғай логотипін жасау бойынша ТШО конкурсының қорытындыларын күтудеміз. Бұл байқауға West Dala қызметкері Бауыржан Қашкенов жоғары деңгейде орындалған 6 логотипті жіберді. Логотиптер БКЖ-СҚБЖ жобасындағы барлық қызметкерлер командасының қауіпсіз еңбек қағидаттарын ұстанатындығын білдіреді.

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.