West Dala компаниясы өзінің 20 жылдығын атап өтіп, компанияның негізін қалаған және батыс өңірдегі қалдықтарды басқару саласындағы көптеген жобалардың өндірістік процестеріне үлкен үлес қосқан құрметті қызметкерлерін марапаттады.
West Dala компаниясының жүргізушісі Имашев Ришат НКОК ұйымдастырған тоқсан сайынғы жүргізушілер форумында IVMS есебі бойынша жоғары көрсеткіштері мен қауіпсіз жүргізгендігінің арқасында атап өтілді. Кәсіби жетістіктері үшін Имашев Ришатқа диплом және тапсырыс беруші тарапынан сыйлықтар табысталды. Бұл күтпеген жағдайлар кезінде үнемі кері байланыста болатын, тапсырыс берушінің сұрақтарына лайықты түрде жауап беретін, НКОК компаниясының «Өмірлік маңызды ережелерін» білетін әрі жұмысында қолданатын өз ісінің маманына өте лайықты марапат.
Айта кету керек, Имашев Ришат West Dala компаниясында 2010 жылдан бері жұмыс істейді, оның жүргізуші ретіндегі еңбек өтілі 39 жыл! Әріптестері Ришатты әрдайым өз тәжірибесімен бөлісіп отыратын, жаңа жұмысшыларға көмегін тигізетін жанашыр адам ретінде сипаттайды.
Имашев Ришатты марапатымен құттықтаймыз!
.jpeg)