ATYRAU MARATHON 2025

Atyrau Marathon 2025 — күш пен командалық рухтың үлгісі. 5 қазан күні Атырауда қала күніне орай дәстүрлі сегізінші Atyrau Marathon өтті. Бұл шара 5 шақырымнан бастап толық марафон — 42,2 шақырым қашықтықты таңдаған 2 000-нан астам қатысушыны біріктірді.

Осы ірі марафонға біздің команда өкілі Гауhар Бекетаева да қатысты. Ол 42,2 шақырым қашықтықты 3 сағат 59 минутта жүгіріп өтіп 30–39 жас аралығындағы әйелдер арасында 1-орын,
сондай-ақ барлық әйел қатысушылар арасында 4-орынға ие болды! Бұл — жеке жеңіс қана емес, табандылық, ерік-жігер және тәртіптің әрқашан нәтижеге жеткізетінінің айғағы.

Гаухар Бекетаеваны тамаша жетістігімен құттықтаймыз! Біздің West Dala командасында осындай шабыт беретін адамдардың бар екені — үлкен мақтаныш. 

      

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.