Atameken ECO CUP

Өткен аптада 7-10 сынып оқушылары арасында көптен күткен футболдан «Atameken ECO CUP» турнирі өтті. Турнир жастар арасында темекі шегу, нашақорлық және салауатты өмір салтына ұстанбайтындармен күреске арналды.

West Dala басшылығы футбол іс-шарасының демеушісі бола отырып, бұл шараны белсенді түрде қолдады.
Мұндай турнир мектеп оқушыларының салауатты өмір салтына деген құштарлығын арттыруға және оларды әрі қарай спортпен шұғылдануға ынталандыруға тамаша мүмкіндік!

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздардың орындары төмендегідей бөлінді:

  1. №35 мектеп
  2. №34 мектеп
  3. №27 мектеп
  4. Амангелді атындағы мектеп

Барлық жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және «Atameken ECO CUP» ұйымдастырушыларына ынтымақтастықтары үшін алғыс айтамыз!

West Dala Қазақстан жастарының салауатты болашағы үшін!

 

 

                  

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.