АШЫҚ ЭКОЛОГИЯ САБАҒЫ

Біздің әріптестеріміз Айнагүл Сагиева мен Асыл Теміртасова Атырау қаласындағы Д. Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің 4 «Л» сыныбына қонаққа барып, ашық экология сабағын өткізді. Олардың алдында 45 минут ішінде оқушыларды қалдықтардың маңызы мен табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану тақырыбына қызықтыру міндеті тұрды. Біздің әріптестеріміз бұл тапсырманы «өте жақсы» орындап шықты!  

Оқушылар ойын форматында пластик пен пайдаланылған автокөлік шиналар қалай қайта өңделетінін, қандай қалдықтардың қауіпті екенін, Экологиялық кодекстің не үшін қажет екенін және басқа да қызықты мәліметтерді білді.

«Біз үшін ең жағымды жаңалық – балалардың қалдықтарды сұрыптаудың маңыздылығын жақсы білетіндігі болды. Бұл олардың ата-аналары экологиялық тәрбиеге ерекше мән беретінін көрсетеді», — деп атап өтті әріптестеріміз. Белсенділігі мен қызығушылығы үшін жас экологтар «Жас табиғат қорғаушысы» медалімен және West Dala компаниясының тәтті сыйлықтарымен марапатталды.

BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің әкімшілігіне және ұстаз Әділова Гүлбану Ғылымғалиеваға ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз.

Біз мұндай сабақтар балаларда қоршаған ортаға деген жауапкершілікті ерте жастан қалыптастырады деп сенеміз. West Dala компаниясы жас ұрпақты экологиялық ағартуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырады.

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.