КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЖОҒАЛУЫ

"WEST DALA" ЖШС басшылығы мен ұжымы 2023 жылғы 8 ақпанда "Теңіз" Қалдықтармен Жұмыс Істеу Кешенінде (ҚЖК) жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан Дәурен Киюазгалиевтің отбасына шын жүректен көңіл айтады. 29 жастағы Киюазгалиев Дәурен компанияда 2019 жылдан бастап жүргізуші болып жұмыс істеді. Оның артында жұбайы мен ұлы қалды. "WEST DALA" ЖШС басшылығы жоғалтудың ауырлығын түсініп, қаза тапқан адамның отбасына жан-жақты қолдау көрсетеді. Жазатайым оқиғаның себебі мемлекеттік комиссияның қорытындысынан кейін айқындалатын болады. Адам өліміне әкелетін оқиға компанияның 18 жылдық қызметінде алғаш рет болды. 1992 жылы туған тағы бір жәбірленуші – газ-электр дәнекерлеуші Жалғасов Қайраттың жағдайы қазіргі уақытта тұрақты жақсы.

                                                      Қиюазғалиев Дәурен Дарханғалиұлы

                                                               12.12.1993 - 08.02.2023 

                                       

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.