West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз. Марапаттау АҚҚБ форумында өтті, онда жыл сайын ТШО үздік бизнес-серіктестерін атап өтеді. Тапсырыс беруші сертификатында: «West Dala көлік құралдарының қауіпсіздігі саласындағы үлгі тұтарлық компания ретінде танылды», - деп жазылған.

Жоғары баға бергені үшін ТШО компаниясына алғыс айтамыз. West Dala компаниясы Қауіпсіз жол қозғалысын дамытуға өз үлесін қосуды жалғастырады.

                      

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.