14 наурызда Астанада өткен ESG принциптерін басқару саласындағы кәсіпорындардың тәжірбиесіне интеграциялауға арналған баспасөз конференциясында S&P Global рейтингтік агенттігінен қалдықтарды басқару саласында халықаралық ESG рейтингін алған Қазақстандағы алғашқы компания Атыраулық «West Dala» ЖШС компаниясы болғандығы жарияланды.
Күн сайын біз әріптестерімізбен, серіктестермен және басқа да адамдармен араласамыз. Мұны қалай жасаймыз? Құрмет көрсетіп, жалпы қарым-қатынас пен іскерлік әдептің белгілі бір ережелерін сақтаймыз ба?
Жыл сайын, 8 наурыз халықаралық мереке қарсаңында компанияның адамдары жағымды тосын сый жасап, назар мен қамқорлықты көрсете алады!
«West Dala» ЖШС озық жаһандық тәсілдер негізінде орнықты даму саласындағы өзінің қызметі мен корпоративтік нәтижелерін жария түрде бағалаған қалдықтарды басқару саласындағы алғашқы қазақстандық компания болды.
«West Dala» ЖШС, Қазақстанның қалдықтарды кешенді басқару саласындағы кошбасшы компанияларының бірі, Орнықты даму жөніндегі алғашқы есебін жариялады, онда бизнесті жауапты жүргізу, корпоративтік басқару, экология, көміртегі ізін бағалау, еңбек ұжымын басқару және 2022 жылғы қызметтің басқа да бағыттары саласындағы маңызды тақырыптар, көрсеткіштер мен оқиғалар көрсетілген. Айта кету керек, бұл компанияның Қазақстандағы қалдықтарды басқару саласындағы алғашқы есебі.
West Dala компаниясында барлық нысандар мен жобаларында қызметкерлермен тұрақты кездесу тәжірибесі енгізілген. Мұндай кездесулерде өндірістік қатынастарға қатысты, яғни еңбек жағдайлары, тұрмыс жағдайлары, қарым-қатынастар, еңбекті қорғау, еңбек заңнамасы сияқты мәселелер ашық талқыланады.
West Dala-да компаниясының қызметінде қауіпсіз еңбек - ең маңызды мәселе. Маңызды да елеулі жетістіктердің бірі – бүгінгі күнге дейін жұмыс уақытын жоғалтпай 350 күн жұмыс істегеніміз.
West Dala БҰҰ сарапшылары 17 Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) компаниялардың стратегиялық және операциялық қызметіне біріктіру үшін әзірлеген SDG Ambition білім беру курсында қатысады.
Біз сіздерді Сафи Утебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттерімен таныстырдық, олармен West Dala компаниясы өткен жылдың күзінен бастап дуальды оқыту жүйесі бағдарламасын жүзеге асырып жатқан. Оқудың аралық қорытындылары шығарылған West Dala тәлімгерлерінің, студенттері мен кураторларының қаңтар айындағы кездесуі бағдарламаның нәтижелі жұмыс істеп жатқанын көрсетті.
2023 жылы West Dala “Адам құқықтары, әртүрлілік және тең мүмкіндіктер саясатын” қабылдады. Адам құқықтарын қорғау тақырыбы компания үшін маңызды, сондықтан ол басқа ішкі нормативтік құжаттарда көрсетілген.
West Dala компаниясы қалыптасқан дәстүрі бойынша ерекше қажеттіліктері бар және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетуді жалғастыруда.