11-ШI ОРТАЛЫҚ-АЗИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ – «ECOTECH 2015» ФОРУМЫ

Табиғатты қорғау технологиялары, қалдықтарды басқару, өнеркәсіптік су тазалау және «жасыл» инновациялар бойынша EcoTech 2015 11 –ші Орталық Азия халықаралық көрме-форумы шеңберінде:

  • конференцияда мамандар ҚР заңнамаларындағы дайындалып жатқан өзгерістер мен толықтыруларға байланысты қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы реформа, қалдықтарды өңдеу саласының ағымдағы жай-күйі, өндірушінің жауапкершілігін арттыру, қалдықтардан алынатын энергия мәселелерін талқылады.
  • экспозиция көрмесіне автошиналарды кәдеге жарату бойынша өнімдер мен қызметтерді, қалдықтарға арналған контейнерлерді, шикізатты жинау мен сұрыптау желісін, су тазалау және сарқынды суларды тазалау бойынша жабдықтарды, микро, күлгін және наносүзгілік мембраналар мен модулдерді, ауа тазалайтын материалдар мен жабдықтарды, биогазды алу мен пайдалануды, экологиялық қауіп-қатерлерді карталауды, газ баллон жабдықтарын орнатуды және басқаларын ұсынды.

EcoTech 2015 шараларына: ҚР энергетика Министрлігінің қайта қалпына келетін энергия көздері бойынша Департаменті, Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдаланушыларды реттеу Басқармасы, тау-кен өндірісі және таукен-металлургия кәсіпорындарының Республикалық Ассоциациясы, тұрақты даму үшін табиғат пайдаланушылардың Қазақстандық Ассоциациясы, «KazWaste» Ассоциациясы, «Теңізшевройл» ЖШС; ЕБРР; GRATA, БҰҰДБ қатысты; көрмеге Германиядан, Голландиядан, Даниядан, Италиядан, Қазақстаннан, Латвиядан, Нидерландыдан, Польшадан, Ресейден, Тайваннан, Чехиядан барлығы 33 компания ұсынылды.

West Dala ЖШС «KazWaste» Ассоциациясының стенді баннерінде орналасты. Сонымен бірге стендіде келушілерге компанияның бүктемелері мен флайерлері үлестірілді.

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.