ЖЕР САҒАТЫ

28 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.

Алғаш рет «Жер сағаты» акциясы 2007 жылы Сиднейде өткізілді. Содан бері ол әлемнің 180-нен астам елінде адамдарды, компаниялар мен үкіметтерді біріктіретін ауқымды жыл сайынғы оқиғаға айналды. Бұл күні бүкіл әлем бойынша мыңдаған нысандар мен ғимараттарда жарық немесе сәндік жарықтандыру бір сағатқа өшірілді.

Аталған акцияға West Dala компаниясының барлық кешендері қосылды. Біздің нысандарымыз бір сағатқа жарықты өшіріп, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын паш етті.

Толығырақ:

Бұл айдың жылылығы әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және қыстан кейін жаңа бастамаларға күш-қуат беруге көмектесті.

West Dala компаниясы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде өткен Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы сенбілікке қатысты.

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.