Жаңа оқу жылы West Dala қызметкерлері үшін «Тиімділігі жоғары адамдардың 7 дағдысы 4.0» тренингінен басталды. FranklinCovey компаниясының сертификатталған тренерінен оқыту негізгі дағдыларды, соның ішінде проактивтілік, түпкі мақсатты ұсыну және синергияға жету туралы нақты түсінік береді. Тренингтен өткен әріптестеріміз өз әсерлерімен бөлісті:
Бүгін Қазақстанның барлық оқушылары партаға отырды, оның ішінде Маңғыстау облысындағы біздің шәкірттеріміз де бар.
Әріптесіміз Гаухар Бекетаева Ironman сериясының триатлоннан беделді спорттық жарысында мәреге сәтті жетті! Ол Нұр-Сұлтан қаласында BI Group Ironman Kazakhstan-мен қатар өткен BI Group Ironman 70.3 Astana жарысының қатысушысы болды.
Жұмысты қауіпсіз орындағаны, ұжымдық рух пен өз міндеттерін уақтылы орындағаны үшін әріптестеріміз Налибаева Гүлжахан, Табылды Айсана, Жұмағазина Күндіз, Кенжебаева Нұрбике және Керімбаева Орынкүл «Новус Болашақ» ЖШС (Теңіз ҚЖК) компанияның сайт-сервис менеджері Грэм Голди қол қойған Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Қазақстанда бокс сүйікті әрі танымал спорт түрі. Біз бәріміз рингте мықты позицияларды көрсететін спортшыларымызға қолдау көрсетеміз.
GEWR-2022 форумы жұмысының екі күні қалдықтарды басқару және жасыл энергия, қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы үздік әлемдік және ұлттық тәжірбиелер мен құзыреттермен алмасу мәселелерін талқылауда Қазақстан мен ТМД және Орталық Азия елдері жетекші алаң мәртебесін бекітті.
«Green Energy & Waste Recycling Forum – 2022» аясында саланың үздік мамандарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен, біздің әріптесіміз, корпоративтік даму жөніндегі директор Диас Хабиев марапатталды.
Маусым айында «Жаңа Теңіз» вахталық қалашығының аумағында COCR сервистік компаниясы ұйымдастырған «Қауіпсіз еңбек мәдениеті» (ҚЕМ) бағдарламасының чемпиондарының тимбилдингі өтті.