ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАР

Қолайлы әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру, адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және өзі жұмыс істейтін аймақтардың тұрақтылығын ілгерілету Компанияның басымдықтарының бірі болып табылады. West Dala жыл сайын аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар мен қарттарға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық көмек көрсетеді.

Жаңа жыл қарсаңында West Dala компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарының 570 баласын құттықтады.  Мүгедек балаларды қолдау қорының, «Беркан» ми орталығының, Ю. А. Гагарин атындағы мектебінің  қамқорлығындағылар, сондай-ақ Алмалы ауылдық округінің, Түпқараған, Мақат, Махамбет және Қызылқоға аудандарынан келген балалар жаңа жылдық сыйлықтар мен мерекелік көңіл-күй алды.

Компания барлық балаларға шын жүректен зор денсаулық, бақытты балалық шақ, қуанышты күлімсіреу және ең қымбат тілектердің орындалуын тілейді. Жаңа жыл жылулық, жақсылық пен ғажайыпқа сенім әкелсін!

Балалардың шынайы күлімсіреулері — біз үшін ең үлкен сыйлық. Қайырымдылық – жүректен.

 

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.