Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.
Қазақстанда көктемгі наурыз айы әрқашан халықаралық және ұлттық мерекелерге толы. Әрбір мереке, «8 наурыз, Амал күні, Наурыз» компания қызметкерлері мен серіктестеріне қуаныш қана емес, сонымен қатар көктемгі көңіл-күй, жаңару сезімі мен табиғаттың оянуы, жақсы болашақ пен рухани бірлікке деген үміт сыйлайды. Биылғы наурыз айында мұсылман қауымы қасиетті «Рамазан» айында ораза тұтса, православ христиандары «Ұлы оразаны» қарсы алды. Бұл айдың жылылығы әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және қыстан кейін жаңа бастамаларға күш-қуат беруге көмектесті.
West Dala жобасының «Батыс Ескене» командасы өз әріптестері мен серіктестерін Наурыз мерекесімен ерекше құттықтады. Жоба қызметкерлері қонақтарды ұлттық тағамдармен және халықтық мерекелік әндермен қарсы алды. Барлық қатысушылар көктемнің қуанышты тәжірибесінен ләззат алып қана қоймай, сонымен қатар ұлттық дәстүрлер атмосферасына еніп кетті.
Мерекелік атмосфера Теңізде жұмыс істейтін әріптестерімізді де баурап алды. West Dala командасы ұлттық ойындарға белсене қатысып, дәстүрлі тағамдардан дәм татты. Тіпті үйден жырақта жүрсе де, әрбір қызметкер көктемнің жылуы мен туған дәстүрлердің қадірін сезіне алды.
Наурыз мерекесі келе жатқан жылы бейбітшілік, келісім және жаңа мүмкіндіктер әкелсін, шабыттандырып, табысқа жетелесін.
(1).jpg)
(1).jpg)
.jpg)
.jpg)