ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

West Dala қайырымдылық бастамасы.

Рамазан айында — мейірім мен жақсылық айында — west Dala кеңсе қызметкерлері игі іске бірікті. Ұжымның ұйымшылдығы мен жанашырлығының арқасында 6 отбасыға арналған 6 азық-түлік қорабы жиналды. Әр қызметкер өз үлесін қосып, сауапты іске атсалысты. Осындай жүрегі кең ұжымымызды мақтан тұтамыз. Жасаған жақсылықтарыңыз еселеніп қайтсын!

                                        

Толығырақ:

Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару мақсатында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Биыл Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.

Бұл айдың жылылығы әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және қыстан кейін жаңа бастамаларға күш-қуат беруге көмектесті.

West Dala компаниясы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде өткен Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы сенбілікке қатысты.

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.