КПО Б.В.

Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.

Серіктес туралы ақпарат

Қарашығанақ кен орны 1979 жылы ашылған, әлемдегі ең ірі газконденсаты кен орындарының бірі болып табылады, ол Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 шаршы шақырымнан астам аумақты алып жатыр. Оның бастапқы есептік теңгерімдік көмірсутектер қоры 9 миллиард баррель конденсат құрайды және 48 триллион куб фут газ қорларынан тұрады, ал жалпы бағалау қорлары 2,4-тен аса миллиард баррель конденсат және 16 триллион куб фут газ қорынан тұрады.

Қарашығанақ кәсіпорнының табысты жұмыс бес мұнайгаз өндіруші: “Эни” (29.25 процент),  “Роял Датч Шелл плс” (29.25 процент), “Шеврон” (18 процент), “ЛУКОЙЛ” (13.5 процент) және "ҚазМұнайГаз" (10 процент) компанияларының кәсіби білімдері мен ірі өндірістік тәжірибесіне байланысты болып отыр. Қарашығанақ бойынша серіктестер кен орнының қорларына барынша игеру мақсатында ішкі және сыртқы мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға,өздерінің білімдері мен тәжірибелерін Қазақстан Республикасына береді.

1997 жылы  бірлескен кәсіпорын бойынша серіктестер және Қазақстан Республикасының мүддесін Уәкілетті орган Қарашығанақ кен орнын игеру мақсатында компания құрды. 2038 жылға дейін Қарашығанақты бірлесе дамыту талаптарын анықтаушы, өнімді бөлу туралы ақырғы Келісімге (ӨБАҚ) қол қойылды. Осы келісімге қол қойылған сәттен бастап 22 миллиардтан астам АҚШ доллары инвестицияланды. Әлемдегі техникалық жағынан күрделі кен орны Қарашығанақты игеру барысында көмірсутегін өндірудің алдыңғы қатарлы технологиялары қолданылды.     

2018 жылы Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. (КПО) тазартылмаған және отындықгаздың, тұрақтандырылған және тұрақтандырылмаған емес сұйық көмірсутегінің мұнайлы эквивалентінде 148 миллион баррельді құрайтын рекордтық өндіру деңгейіне қол жеткізді. Пластық қысымды қолдау үшін, сондай-ақ газды кері айдау көлемі8,6 миллиард кубометрді құрайды, яғни өндірілген газдың жалпы көлемінің шамамен 45,4% сәйкес келеді.

КПО және «West Dala» ЖШС серіктестігі туралы ақпарат

КПО-дағы қалдықтармен жұмыс істеу адамдар мен қоршаған орта үшін қалыптасатын қалдықтардың нақты және ықтимал қауіптілігін төмендетуге бағытталған. КПО-ның 2018-2020 жылдарға арналған қалдықтарды басқару бағдарламасында жинақталған және қалыптасатын қалдықтардың көлемі мен өзіндік қауіптілігінің деңгейін бірте-бірте төмендетудің көрсеткіштері мен шаралары қарастырылған.

Компания қалдықтармен жұмыс істеген кезде әдістерді қолданады:

  • Қалдықтарды өндіріс процесіне кері қайтару
  • Экоцентр қондырғысында қалдықтарды өңдеу
  • Экоцентр нысандарында қалдықтарды орналастыру
  • Орналастыру, өңдеу және жою үшін арнайы мердігер ұйымдарға қалдықтарды тапсыру сияқты шараларды қоланады. 

«West Dala» ЖШС мен КПО арасындағы ынтымақтастық 2011 жылы басталды және жекелеген проблемалық қалдықтар мен сарқынды сулар үшін шешімдер ұсыну аясында өзіндік форматқа ие.

Компанияның КПО-мен тікелей де және Бас мердігер арқылы да шарттық міндеттемелері бар.

Басқа да халықаралық компаниялар сияқты КПО да мердігер ұйымдармен ұзақ мерзімге арналған қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесетін қалдықтарды басқарудың нақты жүйесіне ие. Осының арқасында «West Dala» ЖШС  жекелеген қызмет түрлерін көрсету бойынша ынтымақтастық компаниялар арасында серіктестіктің дамуына әсер ететінін және оны кеңейту үшін алғышарттар жасайтынын түсінеді.