ЖЕР САҒАТЫ

23 наурызда, сенбі күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін West Dala "Жер Сағаты" халықаралық экологиялық акциясына қосылды. Біздің объектілеріміз ҚБК, ҚӨжОКП, «Прорва» ҚЖК, «Өзен» ҚЖК, «Қошанай» ҚЖК, «Теңіз» ҚЖК қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын еске сала отырып, бір сағатқа қараңғылыққа батып кетті.

Бұл күні Қазақстандағы "Жер сағаты" елдің табиғатын сақтау тақырыбына орайластырылған.

"Жер сағаты" алғаш рет 2007 жылы Сиднейде өтті. Содан бері ол әлемнің 180-ден астам еліндегі адамдарды, компанияларды және үкіметтерді біріктіретін жыл сайынғы ауқымды іс-шараға айналды. Бұл күні дүние жүзіндегі мыңдаған нысандар мен ғимараттар бір сағат бойы жарықтандыруды немесе артқы жарықтандыруды өшірді. Олардың ішінде: Эйфель мұнарасы (Париж), Колизей (Рим), Опера театры (Сидней), Эмпайр-стейт-билдинг (Нью-Йорк). Осылайша, "Жер сағаты" акциясы планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аударады.

             

 

Толығырақ:

Форум аясында тұрақты қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жауапты жеткізу тізбектерін қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын нақты үлесі талқыланды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы мен «Даму» Халықаралық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Экология саласының үздігі» республикалық байқауы өтті.

Экологиялық акцияға «West Dala» компаниясының әртүрлі объектілерінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ бұл шараға Атырау облысының Экология департаменті қолдау білдіріп, ортақ мақсатқа өз үлесін қосу арқылы атсалысты.

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.