ЖАҚСЫ ІСТЕР

 

Еліміздегі карантин режиміне байланысты, көптеген елдер қиын қаржылық жағдайға тап болды.

Алайда, қасиетті Рамадан мерекесінде біздің мекемеміз “West Dala” өз қызметкерлерінің отбасын шетте қалдырмады.

Басшылардың шешімі бойынша, әр отбасы ең маңызды азық-түлік жиынтығы: ұн, макарон, көкөністер, өсімдік майы, ет, сүт, күріш, шай және түрлі тәттілермен қамтамасыз етілді.

 

Толығырақ:

Х. Досмұхамедов атындағы университетте «Қалдықтарды және төгінділерді басқару» тақырыбында дәріс өтті. West Dala компаниясының экологтары — Айнагүл Сагиева мен Ислам Сағынбаев — студенттермен мазмұнды кездесу өткізіп, қалдықтармен экологиялық жауапты жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіндірді. Кездесуде қауіпсіз кәдеге жаратудың заманауи тәсілдеріне, экологиялық жүкті азайтуға және тұрақты ортаны қалыптастырудағы бизнестің рөліне баса назар аударылды.

Атырау облысында талантты жастарды қолдау және олардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында «Инновациялық идеялар» байқауы өтті. Байқауға West Dala компаниясының мамандары — эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масалимова қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды.