ВЕСТ ДАЛА ЖӘНЕ IRONMAN

Әріптесіміз Гаухар Бекетаева Ironman сериясының триатлоннан беделді спорттық жарысында мәреге сәтті жетті! Ол Нұр-Сұлтан қаласында BI Group Ironman Kazakhstan-мен қатар өткен BI Group Ironman 70.3 Astana жарысының қатысушысы болды.

Гаухар эстафеталық команда құрамында болып, 21,1 км жүгіру бағдарламасын орындады. «Бұл менің алғашқы Ironman жарысым. Мен 100% бар күшімді салып, қашықтықты 2 сағат 6 минутта жүгіріп өттім», - дейді Гаухар. Жарыс 2019 жылдан бастап пандемияға байланысты кейінге қалдырылды және осы жылдың 14 тамызында әлемнің 56 елінен 1700 триатлет қатысқан осындай ауқымды іс-шарада Гаухар өзін көрсете білді.

«Мен West Dala логотипі бар жүгіру жарысына қатысып, осы жарыста біздің туымызды көтергеніме қуаныштымын», - деді Гаухар. Естеріңізге сала кетейік, біздің әріптесіміз «ISKER» Консорциумы» ЖШС компаниясы ұйымдастырған дәстүрлі жүгіру жарысында 25 минут ішінде 5 км қашықтықты жүгіріп өтіп, «35 жасқа дейінгі әйелдер» санатында үздік атанды.

Оның жоспарында жаттығуларды жалғастыру және келесі іс-шарада жарыстың барлық үш кезеңін аяқтай отырып, Ironman атағына үміткер болу бар.

Гаухарды кезекті жеңісімен құттықтаймыз және оның спорттық арманы міндетті түрде жүзеге асуын тілейміз!

 

 

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.