ТУҒАН КҮНІМЕН!

Құрметті әріптестер! Бүгін біздің компанияға 16 жыл толды. Әр жыл бізді мықты әрі тиімді ете түскен оқиғалар мен жобаларға толы болды. Біздің игілігіміз - бұл West Dala-ның өндірістік әлеуетін бірлесіп құратын жұмысшыларымыздың, инженерлік-техникалық және басқарушы мамандардың көп жылдық еңбегі мен тәжірибесі. West Dala қалдықтарды кешенді басқару саласындағы кәсіби әрекетімен НКОК, ТШО, КПО, ҚМГ сияқты мұнай алыптарының сеніміне ие болды.

West Dala компаниясының алдында Батыс Қазақстандағы қалдықтарды басқару нарығын жақсартуға және жалпы еліміздің өркендеуіне бағытталған ауқымды жұмыстар тұр. West Dala - бұл бәрі бір біріне жанашыр үлкен отбасы. Өткен жылы түсірілген мерейтойлық видеода қызметкерлер компанияны дәл осылай бағалады. Баршаңызға амандық, денсаулық және кәсіби табыс тілеймін!

ISKER консорциумының президенті және Басқарма Төрағасы

Балгимбаев Толеген Нурланович

 

Толығырақ:

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.

West Dala командасы Атырау облысы бойынша Экология департаменті ұйымдастырған «Таза жағалау» экологиялық акциясына қатысып, басқа да ұйымдармен бірге Атырау ықшам ауданының жағалау аумағын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.

Орал қаласында West Dala компаниясы «Өңірдің болашағы: Даму стратегиясы» атты II өңірлік инвестициялық форумға қатысты.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.