ТШО ФОРУМЫ

Атырауда «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) ұйымдастырған Қалдықтарды басқару бойынша форум өтті. Іс-шарада өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқарудың халықаралық тәжірибелері, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату/қайта өңдеу қызметтерін ұсынатын бизнес-серіктестерге ТШО қалдықтарын кәдеге жарату әдістері бойынша ұсыныстар талқыланды. Атап айтқанда, ТШО-ның тендерлік процесіне қатысты мәселелер; Қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету және экологиялық талаптарды сақтау бойынша бизнес-серіктестерге қойылатын талаптар; қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған қалдықтарды кәдеге жаратудың жаңа және тиімді әдістерін қарастыру мәселелері қозғалды.

Форумға West Dala мен бизнес-серіктестерден басқа KazWaste қауымдастығының өкілдері «Қалдықтарды басқару саласындағы ҚР ұлттық стандарттарының рөлі» презентациясымен, сондай-ақ «Green Economy» Еуропа-Азиялық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Қалдықтардың жекелеген түрлері бойынша ұлттық стандарттардың талаптарын түсіндіру» презентациясымен қатысты.

Форумда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі Мансұр Ошурбаевтың баяндамасы ең маңыздыларының бірі болды. Ол «ластаушы төлейді және түзетеді» қағидатын іске асыру негізінде қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау үшін алдын алу шараларын қабылдауға бағытталған қалдықтарды басқару бөлігіндегі жаңа экологиялық кодекстің негізгі бөлімдері туралы айтып берді.

Іс-шараның барлық қатысушылары атап өткендей, Форум мемлекет, бизнес, үкіметтік емес сектор арасындағы өзекті сын-қатерлер мен міндеттерді талқылау үшін маңызды алаңға айналды.

Толығырақ:

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.

West Dala командасы Атырау облысы бойынша Экология департаменті ұйымдастырған «Таза жағалау» экологиялық акциясына қатысып, басқа да ұйымдармен бірге Атырау ықшам ауданының жағалау аумағын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.

Орал қаласында West Dala компаниясы «Өңірдің болашағы: Даму стратегиясы» атты II өңірлік инвестициялық форумға қатысты.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.