ТРЕНИНГ

Жаңа оқу жылы West Dala қызметкерлері үшін «Тиімділігі жоғары адамдардың 7 дағдысы 4.0» тренингінен басталды. FranklinCovey компаниясының сертификатталған тренерінен оқыту негізгі дағдыларды, соның ішінде проактивтілік, түпкі мақсатты ұсыну және синергияға жету туралы нақты түсінік береді. Тренингтен өткен әріптестеріміз өз әсерлерімен бөлісті:
 
Жанар Умралиева, Экономика және жоспарлау бөлімінің бастығы
– Біздің командада семинар тамаша өтті: барлығы белсеніп қатысты. Тренинг өзіңе де, жұмысқа да уақыт тауып жоспарлауды үйретеді. Алған дағдыларды өмірде қолданамын деп ойлаймын.
 
Әсет Бурамбаев, Өзіндік қауіпсіздік қызметінің маманы
- Тренинг керемет, жеке өзіме ұнады. Әсіресе белсенді өмір салты мен жеке миссия туралы есте қалды. Жұмыста қолдануға болатын көптеген пайдалы заттар болды.
 
Олеся Балашова, Келісімшарт менеджері
Тренинг жағымды әсерлер қалдырды. Бастапқыда күмәнмен қараған едім.
Әріптестеріммен бірге командада жұмыс істеген екінші оқу күніміз есте қалды.
Тренеріміз Айнұрдың кәсібилігін атап өткім келеді, ол материалды қолжетімді және қызықты ұсынып, әрбір қатысушыға жеке қарым-қатынас жасады.  
 
Тренингтің барлық қатысушылары West Dala командасына өмірде және жұмыста одан да тиімді болуға көмектесетін қызықты және пайдалы оқытуды ұйымдастырғаны үшін компания басшылығына алғыстарын білдірді!

 

 

 

Толығырақ:

Форум аясында тұрақты қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жауапты жеткізу тізбектерін қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын нақты үлесі талқыланды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы мен «Даму» Халықаралық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Экология саласының үздігі» республикалық байқауы өтті.

Экологиялық акцияға «West Dala» компаниясының әртүрлі объектілерінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ бұл шараға Атырау облысының Экология департаменті қолдау білдіріп, ортақ мақсатқа өз үлесін қосу арқылы атсалысты.

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.