ТИМБИЛДИНГ

Бір ұжым, бір арман - Вест Дала

Өткен сенбі Теңізде West Dala командасы ұжым арасында бірігу және қауіпсіз еңбек мәдениетін (ҚЕМ) насихаттау мақсатында тимбилдинг өткізді. Бұл асыға күткен оқиға болды, себебі коронавирус пандемиясына байланысты мұнндай тимбилдинг Теңізде соңғы рет үш жыл бұрын өткізілген болатын.

Іс-шараға ТШО өкілдері мен West Dala бас кеңсесінің басшылығы шақырылып, құттықтау сөз сөйледі. Компания басшылығының атынан Хабиев Диас Қиясұлы мен Виктор Андреевич Кысыков барлық қызметкерлерге қауіпсіз және жемісті қызметі үшін алғыс айтып, жұмысты жоғары деңгейде жалғастыруды тіледі. ТШО-дан келген қонақтар-Ерлан Ешмағамбетов, Альбина Кунашова және Дина Имашева West Dala ұжымына шақырғаны үшін алғыстарын білдірді, сондай-ақ ҚЕМ-нің жобадағы және күнделікті өмірдегі маңыздылығын атап өтті.

Тимбилдингтің салтанатты бөлігі ҚЕМ дамуына қосқан үлесі және қауіпсіздік техникасын сақтағаны үшін компанияның ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттау болды, оны жобалық сайт менеджері Андрей Марков пен ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша менеджері Медет Ахметжанов жүргізді. Біздің әріптестеріміз: Абай Мақанов (автобус жүргізушісі), Асылбек Нұртазин (шағын автобус жүргізушісі), Дәулет Сариев (жүк көлігінің жүргізушісі), Гүлзира Тұрғамбаева (тазалау жөніндегі маман), Орынкүл Райымбаева (тазалау жөніндегі маман), Айбек Жұмағалиев (сантехник), Аслан Бекенов (электрик), Бауыржан Мағзұмов (ЕҚ, ТБ және ҚОҚ бойынша маман), Алтынбек Сатаев (ТК үйлестіруші).

Тимбилдинг «орындықтар», «қолтырауын», үстел теннисі және «Дартс» сияқты қызықты ойындармен жалғасты. West Dala компаниясының талантты қызметкерлері ән айтып, би билеп, ақындық шеберліктерін көрсеткен ұжымдық іс-шараға белсенді қатысты.

Тимбилдинг би және мерекелік кешкі аспен аяқталды.

  

 

 

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.

West Dala командасы Атырау облысы бойынша Экология департаменті ұйымдастырған «Таза жағалау» экологиялық акциясына қатысып, басқа да ұйымдармен бірге Атырау ықшам ауданының жағалау аумағын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.

Орал қаласында West Dala компаниясы «Өңірдің болашағы: Даму стратегиясы» атты II өңірлік инвестициялық форумға қатысты.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.