ТИМБИЛДИНГ

Маусым айында «Жаңа Теңіз» вахталық қалашығының аумағында COCR сервистік компаниясы ұйымдастырған «Қауіпсіз еңбек мәдениеті» (ҚЕМ) бағдарламасының чемпиондарының тимбилдингі өтті.

Пандемиядан кейін алғаш рет тимбилдингте ТШО сервистік компанияларының ҚЕМ бағдарламасының чемпиондары кездесті. Осылайша, ТШО ҚЕМ деңгейін жақсарту бойынша тәжірибе және идеялармен алмасу үшін тұрақты кездесулерді қайта жандандырды.

West Dala компаниясынан ҚЕМ көшбасшылары мен чемпиондары қатысты, олар бірден тимбилдинг бағдарламасына қосылды: логикаға, ептілікке және зейінділікке арналған командалық ойындар мен волейбол ойыны. Шара кезінде ұтылыссыз лотерея өткізіліп, тимбилдингтің әрбір қатысушысына ҚЕМ логотипі бар естелік сыйлықтар берілді. Кездесудің маңызды бөлігі ретінде вахта кезіндегі күнделікті тұрмыс, тамақтану, еңбек және демалыс жағдайлары мәселелерін, сондай-ақ қызметкерлер арасында ҚЕМ дамыту идеяларын талқылау болды. Тимбилдинг ТШО жауапты басшылары мен бизнес серіктестер сөз сөйлеген COCR жазғы кафесіндегі фуршетпен аяқталды.

 

                                                              

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.